Осы аптада әлемге маңызды екі жиын өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Осы аптада әлемге маңызды екі жиын өтеді

17.02.2025

Осы аптада екі бірдей жоғары деңгейлі дипломатиялық кездесу өтеді. Олардың тақырыбы – Украинадағы соғыс және оны аяқтау мәселесі. Франция астанасында бүгін болатын саммитке Еуропа одағының лидерлері қатысады. Шара алдында Парижде қауіпсіздік мейлінше күшейтілген.

Жан Ноэль Барро, Франция сыртқы істер министрі:

Жиынға мемлекет және үкімет басшылары қатысады. Біз бірлігімізді жоғалтқан жоқпыз. Жақында Парижде, Мюнхенде бас қостық. Ақпанның 17-де Парижде Республика президентінің айналасында тағы да топтасамыз.

Ал АҚШ пен Ресей арасында Украинадағы соғысты тоқтатуға бағытталған келіссөз ертең Сауд Арабиясында өтеді. Мұны америкалық және ресейлік ақпарат құралдары хабарлап отыр. Құрама Штаттар делегациясын әр-Риядқа мемлекеттік хатшысы Марко Рубио бастап барды. Ал Ресей жағынан cыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков қатысады. Бұл жиынға Украина мен Еуропа Одағы шақырылмаған.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу