Президент Мажарстанның Сыртқы істер министрін қабылдады
Мемлекет басшысы Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийяртоны қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген дипломатқа ілтипат білдіріп, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің деңгейі жоғары екенін атап өтті. Былтыр Будапешт қаласына жасаған мемлекеттік сапары аясында қол қойылған келісімдердің өз деңгейінде іске асырылып жатқанына көңілі толатынын жеткізді. Тараптар сауда-экономикалық, инвестиция, энергетика және банк секторларында өзара байланысты тереңдетудің жолдарын талқылады. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-мажар қарым-қатынасын дамытуға қосқан үлесі үшін Петер Сийяртоны ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Кітапхана түні – 2026» шарасы өтті
23.10.2026, 10:25
Түркі әлемінің ортақ мұрасы: «Түркістан» энциклопедиясы жарық көрді
23.10.2026, 10:22
Ресейде жалған сертификаттарға қарсы күрес күшейтіледі
23.10.2026, 10:17
Алтын шикізатын шетелге заңсыз шығармақ болғандар ұсталды
23.10.2026, 10:15
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
23.10.2026, 10:14
Қытайда жер сілкініп, 16 адам қаза тапты
23.10.2026, 10:13
Қар құрсауында қалған 7 адам құтқарылды
23.10.2026, 10:12
7 жылда әлеуметтік салаға 88 трлн теңге бөлінді
23.10.2026, 10:10