Премьер-министр жаңа әкімді ШҚО активіне таныстырды
Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Шығыс Қазақстан облысының активіне өңірдің жаңа әкімі Нұрымбет Сақтағановты таныстырды. Нұрымбет Аманұлы бұған дейін облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған. Жаңа тағайындалған өңір басшысына Премьер- министр бірқатар міндет жүктеді.
Соңғы жылдары Шығыс Қазақстан облысына шамамен 1,5 трлн теңге инвестиция тартылған. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға, экономикалық өсімді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Облыста инфрақұқрылымдық және әлеуметтік жаңа нысандар іске қосылды.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
Қазір өңірде экономиканы әртараптандыру бойынша жұмыс жүргізу керек. Өйткені өңір экономикасының 40 пайыз үлесі өндіріске тиесілі. Сондай-ақ экономиканы әртараптандыру бойынша орта және шағын бизнесті дамытуда нақты бағыттар белгіленді. Жұмыс орындарын мейілінше көп ашып, заңды табыс көзін арттырса салық түсімі де көбейеді. Орта және шағын кәсіпкерлік, туризм, цифрландыру басым бағыттар болып қала береді.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптайды
09.09.2025, 20:34

Израиль Дохаға шабуыл жасады
09.09.2025, 20:33
Бір палаталы Парламенттік жүйе заң шығару процесін жеделдетеді
09.09.2025, 20:29
Электронды поштаның құпиясөзін ауыстыруға кеңес берілді
09.09.2025, 20:29
Полицейлер жаяу жүргіншілер жолындағы самокаттарды арнайы тұраққа әкетіп жатыр
09.09.2025, 20:28
Сарапшы: Бір палаталы Парламентке көшу– көппартиялы жүйені дамытуға мүмкіндік
09.09.2025, 20:26
Жол апатын азайту мақсатында заңға түзетулер енгізіледі
09.09.2025, 20:26
Мемлекеттік кеңесші Парламент Мәжілісіндегі фракциялардың жетекшілерімен кездесті
09.09.2025, 20:22