Ақтөбеліктерді ақтүтек боран әуреге салды
Ақтөбеліктерді ақтүтек боран әуреге салды. Өткен түнде облыс аумағында 5 бағыт бойы жол жабылды. Қолайсыз күн райының салдарынан бірнеше автокөлік далада қалған. Тасжолдан шығып кетіп, қар құрсауында қалғандарды құтқарушылар мен әскери бөлім қызметкерлері қауіпсіз жерге жеткізді. Жолаушылар дәрігерлік көмекті қажет етпеді. Облыстық маңыздағы «Қалмаққырған – Темір» тасжолында да жеңіл көлік қарға батып, тұрып қалған. Жүргізушісі Төтенше жағдайлар департаментінің мамандарынан көмек сұрауға мәжбүр болған.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12