Алматыда 750 мопед тіркелді
Алматыда 750 мопед тіркеуден өтті. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, мопедтерге мемлекеттік нөмір алу үшін тұрғылықты жері бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бару қажет. Сондай-ақ алғашқы тіркеуге тіркеу туралы куәлік және мемлекеттік нөмір алу үшін жалпы 11 мың теңгеден аса қаржы төленеді. Ешқандай құжаты немесе VIN-коды болмаған жағдайда ішкі істер органдары мопедті жеке тексереді.
Айта кетсек, былтыр «Жол қозғалысы туралы» заңға өзгертулер енгізілді. Құжатқа сәйкес осы жылдың 5 сәуірінен бастап тіркелмеген мопедтерді жүргізуге тыйым салынады. Құқық бұзушылық анықталған жағдайда әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Айдын Меркімбаев, қалалық ПД процессинг орталығының басшысы:
Бұл жоба жеңілдетілген. Құжаттардың тізімі - жеке куәлігі, есепке қою үшін мопедтің техникалық құжаты немесе сипаттамасы немесе мопедтің өзін тексеріске алып келеді. Автокөлік жүргізушілеріне арналған мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы барып арызданады. Сол құжаттардың аясында мопед тіркеледі.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22