Басты Жаңалықтар Ертең Сауд Арабиясында Ресей мен АҚШ арасындағы келіссөздер басталады

Ертең Сауд Арабиясында Ресей мен АҚШ арасындағы келіссөздер басталады

Ресей мен АҚШ арасындағы келіссөздер Сауд Арабиясында ертең басталады. Оның негізгі тақырыбы – Украинадағы соғысты тоқтату. Мұны америкалық және ресейлік ақпарат құралдары хабарлап отыр. Құрама Штаттар делегациясын Әр-Риядқа мемлекеттік хатшысы Марко Рубио бастап барады. Ал ресейлік өкілдерден кім қатысатыны әзірге белгісіз. Дегенмен алдағы диалогқа Украина мен Еуропа одағы шақырылмаған. Бұған ашынған еуропалық лидерлер бүгін Парижде шұғыл саммит өткізетінін жариялады.

Жан Ноэль Барро, Франция сыртқы істер министрі:

Жиынға мемлекет және үкімет басшылары қатысады. Біз бірлігімізді жоғалтқан жоқпыз. Жақында Парижде, Мюнхенде бас қостық. Ақпанның 17-де Парижде Республика президентінің айналасында тағы да топтасамыз.

Егер атысты тоқтату туралы келісім жасалса, сол бітімнің орындалуын қадағалау үшін Британия Украинаға әскер кіргізуі мүмкін. Мұны осы корольдіктің премьер-министр Кир Стармен «Телеграф» газетінде жарияланған мақаласында мәлімдеді.

Арыстан Рысбек

Бөлісу