Басты Жаңалықтар Қазақстан Азиаданы 4-орынмен аяқтады

Қазақстан Азиаданы 4-орынмен аяқтады

Қытайда өткен тоғызыншы қысқы Азия ойындары аяқталды. Бәсекеге 34 елдің спортшысы қатысып, 64 медаль жиынтығын сарапқа салды. Қазақстаннан барған Ұлттық құрама бұл жолы жалпыкомандалық есепте 4-орынға жайғасты. Ал 1Азия Олимпиада кеңесінің туы Сауд Арабиясына табысталды. Х қысқы Азиа ойындарын Сауд Арабиясы өтеді. Қытайға арнайы барған Ұлттық арна тілшісі Асылбек Данияр Азиада ойындарына күн сайын шолу жасап отырды. Сонымен, Азия ойындарында топ жарғандар кімдер? Жабылу салтанаты қалай өтті? Сюжетке назар салайық.

Асылбек Данияр, тілші:

Жарыстың соңғы күні ел қоржынына бір алтын мен бір күміс медаль түсті. Алғашқысын әйелдер құрамасы жеңіп алды. Отандастарымыз Корея құрамасымен болған ойында 3:0 есебімен басым түсті. Алғашқы кезеңде 5 нөмірдегі хоккейші Малика Алдаберген бірінші шайбаны салып, есеп ашты. Екінші кезеңде қарсыластар бір-бірінің қақпасын шайба салуға мүмкіндік бермеді. Ал, шешуші ойынның соңғы кезеңінде қыздарымыз тағы 2 шайба салып, жеңісті жұлып әкетті.

Ерлер құрамасы осымен Азия ойындарында бесінші рет топ жарып, 5:0 есебімен жеңіске жетті. Олар Харбиндегі жарыста 8 матч өткізіп қарсылас қақпасына 73 шайба кіргізген.

Әлихан Өмірбеков, хоккейден Ұлттық құрама мүшесі:

Сондай-ақ керлингтен Ұлттық құраманың ерлер және әйелдер құрамасы Азиада тарихында бірінші рет плей-офф кезеңінде бақ сынады. Ерлер іріктеуден өте алмаса, әйелдер қола медальға дейін таласты. Жапон қыдарымен болған ойында 3:6 есебімен жеңіліп, төртінші сатыдан көрінді.

Құрлықтық жарысқа бас-аяғы 137 спортшы қатысып, спорттың 6 түрінен 10 дисциплинада бақ сынады. Қорытынды есепте ұлттық құрама төртінші сатыға жайғасты. Қоржында 20 медаль бар. Туризм және спорт министрі бұл жетістікті жоғары бағалады.

Асылбек Данияр, тілші:

Қытай халқы Азиаданың ашылу және жабылу салтанатын жасанды интеллект мен шындық технологиясын қолданып таңғалдырды. Осылайша, тоғызыншы қысқы Қысқы Азия ойындары тарих қойнауына енді. Шара соңында келесі Азиада өтетін Сауда Арабиясына эстафета табысталды.

Асылбек Данияр


Бөлісу