Өскеменде әлеуеті төмен отбасылар баспаналы болды
Бүгін Өскеменде әлеуеті төмен және ерекше балалары бар 20 отбасыға пәтер берілді. Олардың барлығы талай жылдан бері үй кезегінде тұрғандар. Қалада жаңадан бой көтерген шағын аудандағы бұл үйлер ең соңғы үлгімен салынған. Сондықтан пәтерлердің барлығында қажетті жабдықтар бар. Жаңа баспана мемлекеттік тұрғын үй қоры есебінен тегін берілді. Қазір Өскемен қаласында жалпы 12 мың адам үй кезегінде тұр. Оның екі мыңнан астамы жетім балалар. Тағы бір жарым мың адам көпбалалы отбасы ретінде тіркелген.
Сағынгүл Байжұманова, қала тұрғыны:
Осы үйді 17 жыл күттік. Қуаныштымыз. Оған дейін жалдамалы пәтерде жүргеміз. Талай қиындықтарды бастан өткердік. Енді алдағы күндері жақсылыққа толы болсын деп тілеймін.
Алмат Ақышов, қала әкімі:
Қазіргі кезде біз пәтер салудан пәтер сатып алуға көшіп жатырмыз. Инвесторлардың салған үйінен алдық. Өздеріңіз көріп тұрсыздар, сапасы жағынан кез келген салынып жатқан үйге дес бермейді. Сондықтан осы қарқынды сақтаймыз. Осы үрдістерді жалғастыратын боламыз.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05