Премьер-министр СҚО коммуналдық-энергетикалық секторымен танысты
Премьер-министр Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысындағы жұмыс сапары аясында өңірдің коммуналдық-энергетикалық инфрақұрылымын жаңғырту шаралармен танысты. Былтыр Петропавлдағы №2 жылу электр орталығында 9 қазандық пен 6 турбинаға күрделі жөндеу жүргізілді. Жыл соңына дейін биіктігі 180 метрлік түтін мұржасы пайдалануға берілмек.
Олжас Бектенов соңғы бір жылда елдегі 55 жылу көзі жаңғыртылып, инженерлік желілердің тозу деңгейі 40%-ға дейін төмендегенін атап өтті. Қазір өңірде 363 медициналық мекемені, 585 оқу орнын, 156 мәдениет және спорт нысанын, сондай-ақ 1435 көппәтерлі тұрғын үйді жылумен қамтамасыз ететін 490 қазандық жұмыс істейді.
Анатолий Казановский, «СевКазЭнерго» АҚ бас директоры:
Бүгінгі күні жөндеуге қажетті барлық инвестициялық бағдарлама көлемі 26 млрд теңге деп жоспарланған. Айта кетейік, 2024 жылы инвестициялық жөндеу бағдарламасы 18,5 млрд теңге болған еді. Яғни өсім 9 млрд теңгеден астам. Сондай-ақ биыл №1 турбоагрегат құрылысын аяқтаймыз. Бұл қаланы қосымша 40-тан 60 гигокалорияға дейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек үш корпус пен екі турбоагрегатты жөндеу қарастырылған.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Телеарналар ғаламтор нарығымен бәсекеге түсіп жатыр
10.09.2026, 20:18
Ғасыр жасаған қарттардың отасқанына 70 жылдан асты
10.09.2026, 20:14
Экологиялық талапқа сай емес көліктерге шектеу қойылуы мүмкін
10.09.2026, 20:13
Президент: Ұдайы жапа шеккен ұлт кейпінен арылуымыз керек
10.09.2026, 20:10
Медицинадағы цифрландыру: 31 млрд теңге үнемделді
10.09.2026, 20:09
Депутат бейәдеп контент үшін жауапкершілікті күшейтуді ұсынды
10.09.2026, 20:08
Құрылтайда заң жобалары үш оқылымда қаралады
10.09.2026, 20:06
Елена Рыбакина – әлемнің бірінші ракеткасы
10.09.2026, 20:05