«Таза бейсенбі» акциясы: Жастар қарияларға жәрдемдесті
«AMANAT» партиясының бастамасымен еліміздің барлық өңірінде өтіп жатқан «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына жастар белсенді атсалысып жүр.
Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті дамыту бағытындағы бастама елордада жалғасты. Оған еріктілер мен «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері қатысты. Олар қарт кісілердің ауласындағы қарын күреді. Акцияға алматылықтар да белсенді атсалысты. Партия мүшелері қарияларға көмек көрсетіп, жаяу жүргінші жолдарын мұздан тазалады. Шараға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі Алматы департаментінің сержанттар құрамы да қатысты. Бүгінге дейін эко-акция аясында республика бойынша 90 мың тонна қоқыс шығарылып, игі іске 50 мыңнан аса адам атсалысқан.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскеменде ұлттық мерекеге орай Мемлекеттік ту салтанатты түрде көтерілді
26.10.2026, 21:20
Ұлттық бірегейлік – ұрпақ тәрбиесінің негізі
26.10.2026, 20:55
«Абай Quiz» ойынында 100 команда сайысқа түсті
26.10.2026, 20:18
Тараз вокзалы пайдалануға берілді
26.10.2026, 20:18
Талдықорғанда жаңа денсаулық сақтау нысаны ашылды
26.10.2026, 20:12
Алматыда ортез дайындайтын алғашқы зертхана ашылды
26.10.2026, 20:04
Ақмола облысындағы бөбекжайда 7 шеберхана ашылды
26.10.2026, 20:00
Ниагара сарқырамасы көк тудың түсіне боялды
26.10.2026, 20:00