Балқашта жедел жәрдем станциясы толығымен жаңғыртылды
Балқашта жедел жәрдем станциясы жаңа ғимаратқа көшірілді. Мамандар осы уақытқа дейін 20 жыл бойы тар әрі әбден тозығы жеткен шаруашылық бөлімінде жұмыс істеп келген. Жаңа ғимаратта барлық жағдай қарастырылған. Жедел жәрдем станциясының автопаркі де жаңарды. Әр көлік бейнебақылау және GPS жүйесімен жабдықталған. Балқаштағы 80 мың тұрғынға 6 бригада қызмет көрсетеді. Екеуі қалалық ауруханаға бекітілген. Жедел жәрдем станциясына тәулігіне 100-ге жуық қоңырау түседі. Ал жылына 25 мың адамға көмек беріледі.
Мәулен Мұхамбетов, фельдшер:
Камераның өте қатты көмегі бар. Енді неше түрлі шақыртулар болады ғой. Ішіп алған кісілер, машинаның ішінде неше түрлі жағдай болады ғой, жүрегі тоқтап қалуы мүмкін. Соның барлығында біз өзімізді қорғап аламыз.
Жандос Бақытұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жетісу облысында қырықтан аса экожоба ұйымдастырылған
09.06.2026, 13:24
660 сарбазға білім гранты табысталды
09.06.2026, 13:21
Астанада ІІІ халықаралық архившілер конгресі өтуде
09.06.2026, 13:18
Жапондар пайдаланылған өсімдік майын авиаотынға айналдырмақшы
09.06.2026, 13:15
Пхеньянда Си Цзиньпин мен Ким Чен Ын саммит өткізді
09.06.2026, 13:12
4 айда негізгі капиталға салынған инвестиция – ₸4,9 трлн
09.06.2026, 13:09
Заң үстемдігі – қоғам тұтастығының басты кепілі
09.06.2026, 13:06
Telegram-да алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
09.06.2026, 13:03