«Amanat» партиясы өткен жылды қорытындылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Amanat» партиясы өткен жылды қорытындылады

13.02.2025

2,5 жыл ішінде 12 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл «Жер аманаты» комиссиясы жұмысының жемісі. Телімдердің 5 млн гектары азаматтар арасында бөлінді. «Amanat» партияның бастамасы бойынша «Жайылымдар туралы» жаңа заң жобасы қабылданды. Сол арқылы көптеген мәселелер жүйелі түрде шешілуде. Атап айтқанда, қоғамдық жайылымдар ұғымы енгізілді. Бүгін Ерлан Қошанов партияның былтыр атқарған жұмыстарын қорытындылады. Сондай-ақ биылғы басым бағыттар қатарына тоқталды. Олардың қатарында «Ауыл аманаты», «Әкімдер мектебі» сынды жобаларды көбейту, жастармен, әсіресе ауылдағы және жұмыссыз жастармен жүргізілетін жұмысты күшейту, азаматтарға атаулы көмек ұсыну, заңгерлік қолдау көрсету бар.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы, «Amanat» партиясының төрағасы:

Мемлекет басшысының ауқымды реформалары табысты жалғасуда. Бұрыннан келе жатқан бірқатар мәселелер шешілуде. Азаматтарды толғандыратын көптеген өткір мәселелер әлі де бар. Ол – тарифтер мен жанар-жағар май бағасының өсуі, азық-түліктің қымбаттауы. Жүйе құраушы саяси күш ретінде партия өз жобаларымен, қабылданып жатқан заңдарымен азаматтар көтерген мәселелерді шешуге өз үлесін қосуы керек.

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу