Ақтөбедегі Ә.Молдағұлова мұражайы цифрлық жүйеге көшті
Ақтөбедегі Әлия Молдағұлова мұражайы келушілерді таң қалдырды. Батырдың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында жөндеуден өткен мекемеге жаңа, заманауи экспозициялар қойылды. Яғни жасанды интеллект пен сандық технология қолданылған. VR көзілдірік арқылы Әлияның туған ауылында, үйінде жүргендей сезінесіз. Мұндағы өзге жәдігерлер де қайта жасақталды. Музей қызметкерінің орнына қойылған виртуалды промоутерден бес тілде ақпарат алуға болады. Келушілер сенсорлы экран арқылы фотосуреттер мен деректі фильмдерді де тамашалай алады. Жалпы мұражай қорында 11 мыңнан аса жәдігер жинақталған.
Әсемгұл Амангелді, мемориалдық музейдің қызметкері:
3D-мэппинг және Әлияның хат жазып отырған голограммасы енгізілген болатын. Қазіргі таңда жас ұрпаққа патриоттық бағыт-бағдар беру жағынан жаңа технологиялар арқылы қолға алынып, жалғастырылуда. Қазіргі таңда музейдің жасөспірімдер, жас ерекшеліктеріне қарай қонақтары көп, шет елдіктер де көп.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12