Мемлекет басшысы Ресейдің Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Сергей Шойгуды қабылдады
Кездесуде Қазақстан мен Ресейдің түрлі бағыттағы серіктестігі және өңірлік қауіпсіздік бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сонымен қатар екі елдің қауіпсіздік саласындағы ықпалдастығының тиімділігін арттыру мәселесі қарастырылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Елдеріміздің экономикалық байланыстары табысты ілгерілеп келе жатыр. 171 жоба бойынша уағдаластыққа қол жеткіздік. Оның ішінде 50-ден астам жоба жүзеге асырудың соңғы кезеңіне жетті. Бүгінде Ресей Қазақстан экономикасының негізгі инвесторларының біріне айналды. Мемлекеттеріміздің құқық қорғау органдары, әскери ведомстволарының арасындағы байланыс та ойдағыдай өркендейді деп санаймын.
Сергей Шойгу, Ресей Федерациясының Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы:
Әрине біздің байланысымыз тек екіжақты қарым-қатынаспен шектелмейді. Біз Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, ТМД және Еуразиялық экономикалық одақ аясында белсенді жұмыс атқарып келеміз. Қазақстанның бастамасымен қолға алынған жобалар табысты әрі белсенді іске асырылып жатыр.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16
Ұлыбританияда жасөспірімдерге энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады
22.07.2026, 20:10