Баянауыл ұлттық паркін көркейтуге студенттер көмектеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Баянауыл ұлттық паркін көркейтуге студенттер көмектеседі

Баянауыл ұлттық паркін көркейтуге студенттер көмектеседі

Павлодарлық студенттер алдағы жазда Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркін көркейтуге атсалысады. Қазірдің өзінде мемлекеттік мекеме Торайғыров университетімен бірлескен жұмыс жоспарын бекітті. Жоба «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылып отыр. Орман қызметкерлері бүгін студенттерге қылқанды жапырақты ағаш егудің тәсілдерін үйретті. Арнайы құтыларға отырғызылған тұқым білім ордасы аумағына егіледі. Ал көктем шыға ұлттық паркте жаппай көшет отырғызу жұмыстары басталмақ. Сондай-ақ Баянауыл тауларындағы вандалдардың жазулары өшіріліп, күл-қоқыс тазартылады. Бұл жұмыстарға студенттер ғана емес, ауыл оқушылары да жұмылдырылады.

Азамат Ақаев, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бас директорының орынбасары:

Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті ояту. Бұл біз үшін өте маңызды. Ұлттық паркке келуші, демалушыларға осы мүмкіндікті пайдалана айта кететінім, бұл тек қана бір күндік емес, болашақты егер ойласақ, біздің мәдениетіміздің айрылмас бөлігі ретінде қалыптастыру керек табиғатты қорғау мен сүюмен қарауды.

Болат Аманбаев

Бөлісу