Семейде Құнанбай Өскенбайұлына көше аты беріледі
Семейде 12 көшенің аты өзгеруі мүмкін. Тарихи тұрғыдан әбден ескіргені жаңаланбақ. Жергілікті ономастикалық комиссия қандай көшелер өзгеретінін қарастырып қойған. Жақында қоғамдық тыңдау болып, ұсыныс республикалық комиссияға жолданады. Семейде әбден ескірген атаулар толып жатыр. Мысалы Крестьянская, Первомайская, Советская, Энгельс сынды көшелер әлі күнге дейін бар. Енді олардың орнына Құнанбай Өскенбайұлы, Кеңгірбай Жандосұлы, Әнуарбек Байжанбаев, Жұмат Шанин, Рақымжан Қошқарбаев сынды тұлғалардың аты берілмек.
Әсел Әбілқасымова, Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының орынбасары:
Биыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай осы Құнанбай Өскенбайұлына көше беру жоспарланып отыр. Сол мәселе қаралатын болады, 1200-ге жуық көше бар. Соның едәуірі тарихи тұрғыдан ескірген көшелер. Олар кезең-кезеңімен өзгертілетін болады.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Инвестициялық қауіпсіздік деңгейі бойынша Қазақстан 150 мемлекеттің ішінде 53-орынға көтерілді
23.07.2026, 09:14
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16