Бекзат Саттархановтың ашық турнирі басталды
Түркістанда бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың туғанына 45 жыл толуына орай жасөспірімдер арасындағы республикалық ашық турнир басталды. Дүбірлі додаға Өзбекстан мен Қырғызстаннан және еліміздің барлық аймағынан 200-ден аса спортшы қатысып, бақ сынайды. Жарыстың ашылу салтанатына қатысқан даңқты боксшының анасы Сырлыгүл Шойбекова батыр ұлы туралы естелік айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Әлемдік бәсекеде ел намысын қорғаған батыр ұлының аты ел жадында мәңгі сақталатынына сенім білдірді.
Аңсар Үсенхан, жарысқа қатысушы:
Кез келген боксшы ағайын тыңдау арқылы жеңіске жетеді. Осы турнирдің жеңімпазы атанып, болашақта Б.Саттарханов ағамыз сияқты Олимпиада чемпионы болуды қалаймын.
Сырлыгүл Шойбекова, Бекзат Саттархановтың анасы:
Бұл ешқандай да кезекті турнир емес, кезектен тыс турнир. Бекзатқа арналған кешен жаңадан бітіп жатыр. Алғаш рет Бекзатқа арнап, турнир өткіп жатыр. Мен ұйымдастырушыларға алғысымды айтамын. Келіп жатқан қонақтарға, жас балаларымызға жеңіс тілеймін.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тұрғындар ауылдың айналасын жасыл желекпен көмкерді
21.04.2026, 20:55
Қазақ елі Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
21.04.2026, 20:53
Мемлекет басшысы Тәжікстан президентімен кездесті
21.04.2026, 20:39
Күніне орта есеппен 113 адамды ит қабады
21.04.2026, 20:19
Субсидияға қолы жетпеген 600 омарташының 200-і кәсібін тастап кеткен
21.04.2026, 20:10
Экологиялық саммит ғылым мен бизнесті біріктіреді
21.04.2026, 20:05
Исламабадта АҚШ - Иран келіссөздеріне дайындық жүріп жатыр
21.04.2026, 20:05
Келесі жылы ҰБТ-ға балама енгізіледі
21.04.2026, 20:05