Ақтөбелік жастар еңбек ардагерлеріне көмектесті
Ақтөбелік жастар еңбек ардагерлерінің үйіне барып, қолғабыс жасады. Еріктілер мен «Автожол» колледжінің студенттері қариялардың аулаларын қардан тазартып берді.
Облыстық жастар ресурстық орталығының мамандары мұндай шаралардың жиі ұйымдастырылатынын айтады. Алдымен жалғызілікті зейнеткерлер назарға алынады. Сондай-ақ өздері көмек сұраған қариялар болса, жастар оларға да баруға дайын. Еңбек ардагерлері оларға алғыс білдіріп, алдағы істеріне сәттілік тіледі. «Таза Қазақстан» акциясы аясында мұндай шаралар аудандарда да өтіп жатыр.
Рауза Мұхамбетиярқызы, зейнеткер:
Еліміздің білікті азаматы болсын. Жас мамандар біздің елімізге ауадай қажет. Соған біз тілектеспіз, батамызды береміз. Балалар, көптің аты – көп, қаншама қарды шығарып, әдемі-ақ қып тастады. Балаларға өте ризамын!
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12