Қостанай оңтүстік жастарын қабылдауға дайын
Қостанай облысының колледждері еліміздің оңтүстігінің мектеп түлектерін тегін кәсіби білім алуға шақырады. Биыл оқу орындары «Серпін» бағдарламасы бойынша Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарынан 500-ден аса адам қабылдауға дайын. Оларды негізінен техникалық, ауыл шаруашылығы, педагогикалық мамандықтар бойынша дайындайды. Бұл өңірдегі жұмысшы мамандарға зәру 40 кәсіпорынның тапсырысы бойынша қолға алынған шара.
Анна Лазарева, облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы:
Колледждерге қабылдау жергілікті өндіріс орындарының сұранысына сай жүргізіледі. Біріншіден бұл түлектердің нақты мамандық бойынша білім алуына кепілдік береді. Екіншіден сол кәсіпорында практикалық тәжірибе жинайды. Сосын міндетті түрде тұрақты жұмыспен қамтылады.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17