Ауылдық округ әкімдері біліктіліктерін арттыра бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауылдық округ әкімдері біліктіліктерін арттыра бастады

10.02.2025

«Amanat» партиясы мен Үкімет ауылдық округ әкімдерін оқытуды бастады. Осы мақсатта партия базасында ашылған жаңа Сараптама орталығына Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов пен Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев барып, жұмыс барысымен танысты. «Әкімдер мектебі» жобасы 2400-ден астам аудандық және ауыл әкімдерін қамтиды. Оқу курсы ауылдардың экономикалық даму бағдарламаларын әзірлеу және оларды тәжірибеде қолдану әдістемесін үйретуге бағытталған. Сондай-ақ әкімдер өз ауылдарының өнім өндіруден бастап, оны сертификаттау мен сатуға дейінгі тікелей тізбекті құруды үйренеді.

Ерлан Қошанов, Мәжіліс және «Amanat» партиясының төрағасы:

Жасап жатқан жобаларымыздың барлығы Мемлекет басшысының тарапынан қолдау тауып жатқанын өздеріңіз білесіздер. Сондықтан Президент осы жобаны қолдады, үкіметке тапсырма берді. Осы жобалардың көбі жалпыұлттық, жалпыхалықтық жобаға айналды. Біз бұған дейін «Ауыл аманаты», «Жер аманаты», «Қарызсыз қоғам» - осы жобалардың барлығы ауылды көтеруге бағытталған. Соның ішінде бүгін біз сондай тағы бір жақсы жобаны бастап жатырмыз.

Алдағы уақытта ауыл әкімдері цифрландыру арқылы бірыңғай ақпараттық жүйелерге қол жеткізіп, тұрғындардың саны, мал басы, жеке шаруашылықтардың жағдайы бойынша толық статистикалық ақпаратқа ие болмақ. Сондай-ақ әкімдер көше саудасы, қоғамдық орындарды реттеу мәселелерін әкімшілік тұрғыдан басқара алады.

Серік Жұмабек

Хабарламаларға жазылу