БҚО прокуратурасы жемқорлықтың алдын алды
Оралда 5,4 млрд теңгенің мемлекеттік сатып алу конкурсында заңбұзушылықтар анықталды. Облыстық прокуратура қызметкерлері конкурс рәсімінің күшін жойды. Қала әкімдігі бұл қаржыға көше жолдарын күтіп ұстап, шаһар тазалығын қамтамасыз ету үшін екі ашық конкурс жариялаған. Алайда құжаттамада қатысушыларға жұмыс тәжірибесі туралы негізсіз талап қойылған. Мемлекеттік сатып алу заңының талаптары бұзылып, бәсекелестік шектелген. Бұл деректі облыстық бәсекелестік Департаменті де растады. Қалалық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысына 150 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 600 мың теңгеге жуық айыппұл салынды.
Динара Нұрсұлтанова, БҚО прокуратурасының ресми өкілі:
Облыс прокуратурасының наразылығы бойынша конкурстардың күші жойылды. Атап өту қажет, 2024 жылы қаланы күтіп ұстау бойынша осындай жұмыстар облыс прокуратурасымен талданған болатын. Монополиялық жағдай жасай отырып, бір өнім беруші 6 млрд теңгеден астам қаражатты игергені анықталды.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07
Көк базардағы құрылыс 2028 жылға дейін жалғасады
22.09.2026, 10:06
Ресейде көші-қон талаптары күшейді
22.09.2026, 10:05
Түркияда шетелдіктерге заңсыз азаматтық алуға көмектескен топ ұсталды
22.09.2026, 10:05
Егінге бөлінген 300 миллион теңге қолды болған
22.09.2026, 10:05
Жапонияда 2 миллионға жуық адам эвакуацияланады
22.09.2026, 10:04
Үкіметте жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту шаралары талқыланып жатыр
22.09.2026, 10:03
Бірнеше медиа ұйым Трамп әкімшігіне қарсы сотқа шағым түсірмек
22.09.2026, 10:02