Қазақстандық ғалымдар Еуропада тағылымдамадан өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық ғалымдар Еуропада тағылымдамадан өтті

10.02.2025

Қазақстандық ғалымдар Бельгияның білім беру кеңесінде тағылымдамадан өтті. Еліміздің бірнеше оқу орнының профессорлары Брюссельде бір апта бойы еуропалық әріптестерімен тәжірибе алмасып, ЕуроОдақтың гранттарын қалай ұтып алуға болатынына машықтанды. ЕуроОдақ әр бес жыл сайын Erasmus+, Horizon бағдарламалары арқылы ғылыми жобаларға 975 млрд еуро грант бөледі. Тағылымдама кезінде отандық ғалымдар Швеция, Нидерланд тренерлерінің дәрісін тыңдады. Гранттарға өтініш беруде жасанды интеллекті қолданудың қыр-сырына қанықты.
«Еуропалық комиссия ғалымдардың жасанды интеллектіні пайдалануына ешқандай шектеу қойып отырған жоқ» деп мәлімдеді Еуропа зерттеу кеңесінің өкілдері.

Янка Матрай, Еуропа зерттеу кеңесінің өкілі:

Біз мұнда «Horizon Europe», «Pillar-1» бағдарламаларының мүмкіндігін және Еуропа зерттеу кеңесіне өтінішті қалай беру керектігін қарастырдық. Болашақта қазақстандық ғалымдардан грантқа қатысуға байланысты көп ұсыныс, өтініш күтеміз.

Ләззат Бейсенова, Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының профессоры:

Неліктен біздің ғалымдар бұл грантқа өте алмайды? Себебі аппликациялық форманы жасаудың, толтырудың, қалай өткізудің әдісін білмейміз. Бұл жерде біз оны қалай жасау керек деген сұрақтарды қарастырдық.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу