Қосылған құн салығы экономикадағы барлық салаға әсер етеді
Қосылған құн салығы енгізілсе экономикадағы барлық салаға әсер етеді. Әсіресе шағын және орта бизнес құлдырауы мүмкін. Бұл әлеуметтік мемлекет үшін тиімсіз. Мұны тек бюджет тапшылығын жойып, экономиканы тығырықтан шығару тәсілі деп қарау қате деген депутаттар, халықаралық тәжірибені ескеру қажет дейді.
Ғалиасқар Сарыбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Бюджет тапшылығы ертеңгі күні көптеген әлеуметтік мәселені шешпей қалуы мүмкін. Денсаулық саласына, ауыл шаруашылық саласына дифференциалды түрде азайтатын болса, әрине ол саладағы әртүрлі тауардың бағамын ұстап тұруға жағдайымыз келеді және сол саланы толығымен қамтуға мұрша береді. Ал кейбір салаларда мысалы, темекі зиянды нәрселерді қолдануға құн салығын көбейту ол қосымша әлеуметтік мәселелерді шешуге болады.
Бекбол Орынбасаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Қосымша құн салығының жарнасы деген мәселе ол - үлкен мәселе. Ол әлеуметтік-экономикалық мәселе. Жарнаның көтерілуі деген ертеңгі күні бизнестің көлеңкеге кетіп қалуын туындатуы мүмкін. Не болмаса бизнес жабылуы мүмкін деген қауіп бар. Сондықтан біз бұл мәселеде өте сақ болуымыз керек. Президенттің берген тапсырмасы бойынша бірге отырып, дұрыс шешім қабылдауымыз керек.
Серік Жұмабекұлы
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскеменде ұлттық мерекеге орай Мемлекеттік ту салтанатты түрде көтерілді
26.10.2026, 21:20
Ұлттық бірегейлік – ұрпақ тәрбиесінің негізі
26.10.2026, 20:55
«Абай Quiz» ойынында 100 команда сайысқа түсті
26.10.2026, 20:18
Тараз вокзалы пайдалануға берілді
26.10.2026, 20:18
Талдықорғанда жаңа денсаулық сақтау нысаны ашылды
26.10.2026, 20:12
Алматыда ортез дайындайтын алғашқы зертхана ашылды
26.10.2026, 20:04
Ақмола облысындағы бөбекжайда 7 шеберхана ашылды
26.10.2026, 20:00
Ниагара сарқырамасы көк тудың түсіне боялды
26.10.2026, 20:00