Қосылған құн салығына қатысты ұсыныс тағы пысықталады
Қосымша құн салығына қатысты ұсыныс тағы пысықталады. Бүгін Президент бизнес өкілдерімен кездесуі барысында экономика салаларының ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі нұсқаларды әзірлеу қажеттігін айтты. Қосылған құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуі тиіс, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті:
Мен бұған дейін де айттым: Үкімет бұл мәселені депутаттармен және сарапшылармен егжей-тегжейлі талқылауы керек. Бүгін айтылған ой-пікірлер де ескеріледі. Мемлекетке барынша оңтайлы шешім қажет. Яғни бір жағынан бизнес жүргізуге кедергі келтірмей, қолайлы жағдай жасайтын, ал екінші жағынан, салыққа қатысты тәртіпті күшейтіп, бюджет кірісін арттыратын тиімді жолды табуымыз қажет.
Қазір қосылған құн салығына қатысты түрлі пікірлер айтылып жатыр. Ұсынысты қоғам талқысына салудағы мақсат та осы еді. Үкіметтің бұл бағыттағы жұмысы бизнес, қоғам, кәсіпкерлер, сарапшылардың, яғни барлық тараптың пікірі ескеріле отырып, биыл нақты шешім қабылдануға тиіс деп тапсырды Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті:
Экономика салаларының ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі нұсқаларды әзірлеу керек. Қосымша құн салығына қатысты бұған дейін көзқарасымды білдірмеген едім. Дегенмен бұл мәселе бойынша ойымды жеткізгім келеді. Қалай десек те, қосымша құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуге тиіс. Үкімет түпкілікті шешімді білікті сарапшылардың, қайталап айтамын, білікті сарапшылар мен кәсіпкерлердің, әлбетте депутаттардың пікіріне құлақ аса отырып, нақты есептеулер негізінде қабылдағаны дұрыс.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін «Қайрат» чемпиондар лигасындағы ойынын бастайды
18.09.2025, 17:48

ҚФФ футбол академиясына FIFA мәртебесі берілді
18.09.2025, 17:45
Шымкентте «Таза қала, таза аула, таза үй» тақырыбында ашық сабақтар өтуде
18.09.2025, 17:42
Жетісу облысында «Таза Бейсенбі» экологиялық акциясы өтті
18.09.2025, 17:39
Транзитттік тасымалдың көлемі артады
18.09.2025, 17:36
Семейде тұңғыш рет қала әкімін сайламақшы
18.09.2025, 17:30
Атыраулықтар жем-шөпті көрші облыстан сатып алуға мәжбүр
18.09.2025, 17:27
Ресейде кейбір ірі оқу орындары бірігеді
18.09.2025, 17:24