Ақтөбе облысында бөгеттің жарылуына кінәлі азамат сотталды
Ақтөбе облысында бөгеттің жарылуына кінәлі азаматқа сот үкімі шықты. Ол былтыр, көктемгі су тасқыны кезінде басқарушы компаниядағы жауапты тұлға бола тұра су деңгейін реттеуде жауапсыздық танытқан.
2024-жылдың сәуірінде бөгет жарылып, Қызылту, Табантал және Бесқоспа ауылдарын су шайып кеткен еді. Тұрғындардың мал-мүліктері мен елді мекендердің инфрақұрылымына зиян келді. Хромтау аудандық сотының үкімімен сотталушыға «Міндеттерін адал атқармау» бабы бойынша 2 жыл алты ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сондай-ақ ол 3 жыл су шаруашылығы саласында жұмыс істей алмайды.
Өркен Есжанов, Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі:
Ақтөбе облысы Хромтау ауданының прокуратурасы «Мағаджан» плотинасының жарылуына қатысты қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдады. Іс материалдарына сәйкес, басқарушы компания болып табылатын ЖШС-нің директоры пайдакүнемдік мақсатта суды ағызу бойынша шаралар қабылдамаған.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12