Атырауда «Көктем-25» республикалық оқу-жаттығу шарасы өтті
Атырау облысында «Көктем-25» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Жаттығу барысында мұз үстінде көлікпен өту кезінде зардап шеккен адамды құтқаруға «Қазавиаспас»-тың авиациялық техникасы қолданылды. Облыстағы 204 эвакуациялық бекеттің дайындығы тексерілді. Былтырғы тасқын кезінде Атырау өңірі айрықша зардап шекті. Осы жағдай қайталанбас үшін жергілікті билік дайындықты ерте бастаған. Атап айтқанда, адам күші, транспорт пен тік ұшақтар төтенше жағдайға дайын. Сондай-ақ облыста су басу қаупі бар 51 елдімекен қадағалауға алынып, 12 учаскеге ауысымдық гидробекет орнатылған.
Кеген Тұрсынбаев, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары:
Республикада өзіміздің топтар дайын. 30 мыңнан астам адам бар. 2 мыңдай техника, тағы да арнайы техника, ұшақтарымыз дайын. Әрбір облыста су тасқыны келетін өздерінің уақыты бар. Сол уақытқа дейін ертерек 10 күн бұрын топты жіберіп, дайын отырамыз.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17