Астанада екі көлік жанып, бір адам зардап шекті
Астанада екі көлік жанып, бір адам зардап шекті. Түнде Байқоңыр ауданындағы Брусиловский көшесінде орналасқан техникалық қызмет көрсету станциясының бірінде өрт шығып, оның 2 боксы жалынға оранды. Бір автобус пен бір жүк көлігі зақымдалған. 38 жастағы азаматты күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Ол бокстардың бірін жалға алушы екен. Оттың неден тұтанғаны әзір белгісіз.
Бақытжан Мәуленбердиев, қалалық ТЖД бастығының орынбасары:
Шақырту орнына бірінші бөлімше 7 минутта келіп жетіп, екінші шақырту жарияланды. Өрт орнында гараж ішінде техникалық және бояу, жөндеу құрал-жабдықтардың жануы анықталды. Жалпы, өрттің ауданы 250 шаршы метрді құрайды. Өрт оқшауланды.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Инвестициялық қауіпсіздік деңгейі бойынша Қазақстан 150 мемлекеттің ішінде 53-орынға көтерілді
23.07.2026, 09:14
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16