Ақ Азиада: Ертең салтанатты ашылуы рәсімі өтеді
Ертең Қытайда тоғызыншы Қысқы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтеді. Биыл сарықұрлық бәсекесіне қатысатын ел саны көбейіп, рекорд жаңарды. Азиадада 34 мемлекеттің атлеттері медальға таласады. Харбиннен әріптесім Асылбек Данияр бізбен байланыста. Асылбек, әлемдік доданың қарбаласы сезіліп жатыр ма?
Асылбек Данияр, тілші:
Азиаданың атмосферасы бүгін қатты сезіліп жатыр. Өйткені дайындық қызған. Қазір Қытайда сағат түңгі 11-ден асты. Полейцейлер негізгі көшелерді жауып тастады. Шара өтетін жерде көптеген өнерпаздар жүр. Бас режиссер Ша Сяоланьнның айтуынша, биылғы шара бұрынғыдан өзгеше болады. Соны бір ғана деталін айта кетейік, ол шындық технологиясы мен жасанды интеллект қолданылады. Олимпиада салтанаты ертең жергілікті уақыт бойынша 20:00-де, ал Астана уақытымен 17:00-де басталады. Осы менің артымда тұрған Харбин конгресс-көрме және спорт орталығында өтеді. Мұнда 48 мың адам сияды. Ашылау салтанатында Қазақстан туын хоккейші Әділ Бекетаев пен шорт-трекші Ольга Тихонова ұстап шығады. Азиадаға 34 елдің 1200-ден аса спортшысы қатысады. Олар спорттың 6 түрінен 11 дисциплина бойынша бақ сынайды. Қазақстан намысын 137 атлет қорғайды. Сөз соңында бүгінгі жарыс күнін қорытындыласақ. Хоккейден әйелдер құрамасы топтық кезеңде үшініші жеңісіне қолжеткізді. Тайпэй құрамасын есебімен жеңді. Ал керлингтен қатысқан спортшылар аралас жұптық кезеңді аяқтады.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Абай облысында адам саудасымен айналысқан көпбалалы ана 6 жылға сотталды
02.04.2026, 10:13
Уханьда робот-таксилер жаппай тоқтап қалып, көшелерде көлік қатынасы қиындады
02.04.2026, 10:12
NASA 54 жылда алғаш рет Айға адам ұшырды
02.04.2026, 10:09
Халықаралық геология форумы басталды
02.04.2026, 10:08
Адамзат тарихында 220 мың тоннаға жуық алтын өндірілген
02.04.2026, 10:07
Наурыз айында Ұлттық қордан $400 млн сатылды
02.04.2026, 10:06
Боксшыларымыз Азия чемпионатын сәтті бастады
01.04.2026, 20:58
Ұлттық банк: Теңге тұрақты валюталардың біріне айналды
01.04.2026, 20:15