Сарапшылар Президенттің үш жылдық саяси реформаларын қорытындылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшылар Президенттің үш жылдық саяси реформаларын қорытындылады

06.02.2025

Сарапшылар Мемлекет басшысының үш жылдық саяси реформаларын қорытындылады. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының өкілдері демократиялық реформаларға тоқталды. Мәселен, еліміз суперпрезиденттік жүйеден ықпалды Парламенті бар Президенттік республикаға көшті. Президенттік мерзім шектелді. Мемлекет басшысына партияларға мүше болуға тыйым салынды. Жаңа реформаға сәйкес туыстарын мемлекеттік қызметке тағайындауға болмайды. Сондай-ақ, Президенттің Парламент пен сот жүйесіне ықпалы шектелді. Осы саяси жүйесінің нәтижесінде Президент қайта сайлану құқығынсыз бір рет 7 жыл мерзімге сайланады. Сондай-ақ, әкімдерді халық өзі сайлайтын болды. Конституциялық сот қайта құрылды. Бұл өзгерістер Президенттік өкілеттіктерді қысқартуға, Парламент пен сот жүйесін нығайтуға бағытталған.

Алуа Жолдыбалина, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары:

2-3 жылдың ішінде 2 референдум өтті. Қазақстан тарихында 4 референдум болған. Оның екеуі 2022 жылы, 2024 жылы болды. Яғни, реформа бізде үзіліссіз жүретін процесс. Бүгін реформа жасадық, бір жылда бес жылда нәтиже күтеміз деген болмайды. Әдетте халықаралық практиканы қарасақ, реформаның алғашқы жақсы нәтижелерін көру үшін шамамен 10-15 жылдай уақыт керек.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу