«Арамызда Стамбұл» фильмі жарыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Арамызда Стамбұл» фильмі жарыққа шықты

06.02.2025

Tiger Films-тің тағы бір туындысы көпшілікке жол тартты. Бүгіннен бастап еліміздің барлық кинотеатрларында «Арамызда Стамбұл» фильмі көрсетіледі. Киноның бір бөлігі Түркияның туристік танымал жерлерінде түсірілген.

Кино қос ғашықтың арасындағы махаббат хикаясын баяндайды. Қарапайым отбасынан шыққан қыз, Стамбұлда ірі кәсіпкердің ерке баласымен танысады. Жігіт қызды бірден ұнатып, оның көңілінен шығу үшін барын салады. Тіпті, өзін барынша қарапайым көрсетіп, қалталы екенін жасырады. Өйткені, қыздың ауқатты отбасында тәрбиеленген жігітті ұнатпайтынын біледі. Бұған дейін қылмыстық драмаларға түсіп, көпшіліктің көзайымына айналған Рауан Ахмедов кинода басты кейіпкерді сомдайды.

Рауан Ахмедов, актер:

Режиссер болған соң мен тыңдадым. Ол кісінің айтқаны дұрыс. Себебі ол бәрін көреді. Мен Ұланның рөлін сомдаймын. Жалпы Ұлан байдың баласы. Ттәрбиелі, текті, оқыған, тоқыған шетелде білім алған сондай азамат.

Кино Алматыда, Түркияның көрнекті жерлері Стамбұл мен Каппадокияда түсірілген. Сюжетте тарихы терең Түркияның туристік аймағы көрініс тапқан. Айтпақшы, фильмге «Еуразиялық банк» бас серікстес болған.

Ғазиз Ермеков, «Еуразиялық банк» басқармасы төрағасының орынбасары:

Қазақстандық кино, музыканың қалай белсенді дамып келе жатқанына бәріміз куәміз. Біздің актер, әртіс, музыканттарымыз тек Қазақстанда емес, шет елде де өте танымал болып келеді.

Ал актерлік құрам жас дарындардан құралған. Шығармашылық топ фильмді жастарға арналған деп отыр. Фильмнің режиссері әрі сценаристі Нұржан Еркінұлы. Қос ғашықтың бастан өткерген қиыншылықтарын көрсететін туынды бас-аяғы бір ай ішінде түсірілген.

Айдана Қуантхан


Хабарламаларға жазылу