Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия премьер-министрі Ираклий Кобахидземен келіссөз жүргізді. Кездесуде Транскаспий халықаралық көлік бағдарымен өтетін жүк тасымалы көлемін арттыруға және транзит дәлізінің инфрақұрылымын жаңғыртуға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар сауда, энергетика, инвестиция, туризм, жасанды интеллект және цифрландыру секілді көптеген бағыттағы байланыстарды кеңейту мәселесі қарастырылды. Халықаралық күн тәртібі мен өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері де талқыланды. Мемлекет басшысы Грузия-Қазақстанның Кавказ аймағындағы сенімді серіктесі екенін атап өтті. Мәртебелі мейман қонақжайлық көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, қызметке кіріскеннен кейінгі алғашқы шетелдік сапарларының бірін Қазақстанға арнағанын жеткізді.
Шерхан Жамбылұлы