Ақтөбеде «Көктем-2025» оқу-жаттығуы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Ақтөбеде «Көктем-2025» оқу-жаттығуы басталды

Ақтөбеде «Көктем-2025» оқу-жаттығуы басталды

Қазір ғана еліміз бойынша су тасқынының алдын алуға бағытталған «Көктем-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды. Алдымен «Баршаның назарына» дабылы қосылып, құлақтандыру жүйесі тексерілді. Ақтөбе қаласындағы жиын Сазды өзенінің жағасында өтіп жатыр.

Былтыр көктемде осы Сазды және Елек өзендері арнасынан асып, мыңдаған тұрғынға қауіп төндірген еді. 4 мыңнан аса аулаға су кіріп, 1014 үй апатты деп танылды. Облыстың 6 ауданында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды. Биылғы көктемде де осы жағдай қайталанбауы үшін жауапты органдар алдын ала дайындықты күшейтті.

Маман жеткілікті. Екі жарым мың адам және 866 бірлік техника, жүзден аса жүзу құралы мен мотопомпалар сақадай дайын. Бүгінгі оқу-жаттығу барысында құтқарушылардың төтенше жағдайға дайындығы тексеріледі. Сондай-ақ, қала маңындағы арықтар мен суағарлар және табиғи су арналары қардан тазартылады.

Жақсыбек Кемал 

Бөлісу