Елімізде былтыр қылмыс саны 12,7 мыңға азайған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде былтыр қылмыс саны 12,7 мыңға азайған

05.02.2025

Бүгін Президент Ішкі істер министрін де қабылдады. Ержан Сәденов Мемлекет басшысына елдегі криминогендік жағдай жөнінде ақпарат берді. Былтыр елімізде қылмыс саны 12 мың 700-ге азайған. Кісі өлтіру, қарақшылық, тонау мен ұрлық сияқты аса ауыр қылмыс түрлерінің саны төмендеген. Ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны үшін 264 адам жауапкершілікке тартылды. Министрдің мәліметінше, соңғы 12 айда есірткі таратуға қатысты ақпарат жариялаған 7500-ге жуық интернет-ресурс анықталған. 22 тоннаға жуық есірткі айналымға жіберілмеді. 64 зиянды заттар зертханасы жойылды. Интернет-алаяқтардың 65 миллион қоңырауы бұғатталып, нөмірлерді ауыстыруға арналған 48 SIM-box құрылғысы әшкереленді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру бойынша міндеттер жүктеді. 

Ержан Сәденов ҚР Ішкі істер министрі:

Сонымен қатар Президентке жасөспірімдердің құқығын қорғау, көші-қонды бақылауды күшейту, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстық-атқару жүйесін жақсарту бағыттары бойынша шаралар туралы баяндадым. Мемлекет басшысы қоғамдық қауіпсіздікті және азаматтардың тыныштығын қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырма берді.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу