Алматы облысының Кеңдала саяжайындағы азаматтар өздерінің елеусіз қалғандарына наразы
Алматы облысының Кеңдала елдімекеніне қарасты саяжай тұрғындары ауылдарына ресми мәртебе беруді сұрайды. Себебі қала іргесінде орналасқан саяжайлар қараусыз қалған. Елдімекен аумағында 77 саяжай бар. Тұрғындар су мен жарықтың ақшасын делдалдарға төлеп отыр. Салдарынан бағасы қымбат әрі құбылып тұрады дейді. Сондай-ақ қала мен елдімекенді жалғайтын жолға былтыр орнатылған бағдаршам мүлдем жұмыс істемейді деп наразы. Ал кешкқұрым көше шамдары жанбайды.
Әлия Нұрғалымова, саяжай тұрғыны:
Бізді қараусыз қалдырмай, пешеходты қойып, знактарды көбірек қойып, КамАЗ-дың жүріп жатқан несін хотя бы 40-қа қойса деген талабымыз бар. Адамдар жолда пешеход қойылмаған, өте алмаймыз әрі-бері. Қорқып тұрамыз, қайсы КамАЗ бізді басып кетеді деп.
Алмас Өмірзақов, Кеңдала ауылдық округінің әкімі:
Біз 2 жылдан астам уақыт саяжайларды елдімекендердің шекарасына енгізу бойынша жұмыс жасалып жатыр. Саяжайға арнайы қаржы бөлінгеннен кейін ғана барып, жұмыс бастаймыз.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17