Мемлекет басшысы Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередовті қабылдады. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-түрікмен байланыстары барлық бағытта достық, тату көршілікке және стратегиялық серіктестік негізінде дамып келе жатқанына назар аударды. Сондай-ақ Ашхабад бастамашы болған Бейбітшілік және сенім жылының басталуымен құттықтап, бұл Түрікменстанның бейтарап саяси ұстанымының 30 жылдығымен қатар келіп отыр, - деді.
Ал мәртебелі мейман Қазақстан Президентіне Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов пен Түрікмен халқының ұлттық көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедовтің ыстық ықыласын жеткізді. Тараптар энергетика, көлік-транзит және мәдени-гуманитарлық салалар бойынша бұған дейін қол жеткізген уағдаластықтың жүзеге асырылу барысын талқылады.
Ақниет Балтанова