95 көлік соқтығысқан жол апатына қатысты 6 қылмыстық іс қозғалды
Жыл басында Астана – Щучинск тасжолында 95 көлік соқтығысқан жол апатына қатысты 6 қылмыстық, 37 әкімшілік іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов осы мәселені айта келе, елдегі жолдардың сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға баса мән берді. Қазіргі уақытта сапа мен қаржыландыруға қатысты Батыс, Солтүстік және Абай облыстарында үлкен мәселелер бар. Былтыр тұрғындар осы жолдардың жағдайына қатысты 40 мыңнан астам шағым жазған. Сондықтан саланы цифрландыруға ерекше мән берілмек. Қазір «E-Joldar» платформасы әзірленіп жатыр. Ол тек республикалық емес, жергілікті және қалалық жолдардың жағдайына да мониторингті қамтамасыз етпек.
Олжас Бектенов, Премьер-министр:
Жол инфрақұрылым жаңғырту жұмыстарында құрылыс технологияларын сақтамау және мерзімді кешіктіру байқалып отыр. Әкімдер бұл мәселелерді бақылауға алуға тиіс. Көлік ағынын басқару ісіне заманауи IT технологиялар мен жасанды интеллект енгізу қажет. Бүгін отырыста айтылған цифрлық шешімдерді ел аумағына кеңінен таратуға болады. Отандық IT компаниялардың автожол саласын дамытуға белсенді түрде жәрдемдесуге, көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға, рәсімдерді оңайлатуға және ең бастысы логистиканы тиімді басқаруға қабілеті жеткілікті.
Оңғар Алпысбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07
Көк базардағы құрылыс 2028 жылға дейін жалғасады
22.09.2026, 10:06
Ресейде көші-қон талаптары күшейді
22.09.2026, 10:05
Түркияда шетелдіктерге заңсыз азаматтық алуға көмектескен топ ұсталды
22.09.2026, 10:05
Егінге бөлінген 300 миллион теңге қолды болған
22.09.2026, 10:05
Жапонияда 2 миллионға жуық адам эвакуацияланады
22.09.2026, 10:04
Үкіметте жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту шаралары талқыланып жатыр
22.09.2026, 10:03
Бірнеше медиа ұйым Трамп әкімшілігіне қарсы сотқа шағым түсірмек
22.09.2026, 10:02