Грекияда туристер арасындағы танымал аралда жер бірнеше мәрте сілкінді
Эгей теңізіндегі Санторини аралында қуаты 4,9 балдық жер сілкінісі болды. Ал арал маңында соңғы күндері 280 шағын дүмпу болған. Мұны Афинаның сейсмологиялық зертханасы мәлімдеді. Грекия билігінің мәліметінше, өңірдегі сейсмикалық белсенділікке тектоникалық тақталардың жылжуы түрткі болған. Мұның жанартау атқылауына еш қатысы жоқ. Дегенмен кейбір жергілікті тұрғындар мен туристер Санториниден кетуді жөн деп тапқан. Оларға арнап қосымша паромдар мен әуе рейстері ұйымдастырылды. Адамдарға ғимарат ішінде көптеп жиналуға, аралдың жекелеген аудандарына баруға тыйым салынды. Аралда 15 миллион адам тұрады. Алайда жыл сайын мұнда миллиондаған турист барады екен.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Каратэшілер 5 медаль ұтты
22.09.2026, 13:21
Алакөлге қосымша электр желісін тартып жатыр
22.09.2026, 13:12
Ресей қатерлі ісікке қарсы бірнеше вакцинаны сынауда
22.09.2026, 13:09
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 13:06
Неміс автоконцерні төрт зауытты жабуды жоспарлап отыр
22.09.2026, 13:03
Рөлін сол жаққа ауыстырып алған көлікпен жолаушы тасуға болмайды
22.09.2026, 13:00
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 12:34
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07