Қарағанды облысында 40 дәрігер санатын өсіретін жалған сертификаттарды сатып алған
Қарағанды облысында 37 медицина маманы біліктілік тестілеу нәтижелерін қолдан жасағаны анықталды. Олар мұндай қадамға үстемеақы алу үшін барған. Бұл жағдайды Қарағанды облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің қызметкерлері анықтады. Ведомствоның мәліметінше, «Тест тапсырды» деген құжатты алу үшін дәрігерлер мен медбикелер 200 және 300 мың теңге сомасында ақша төлеген. Ал көмекшілері сынақтан өткендердің жеке сәйкестендіру нөмірін базаға енгізген. Жалпы, аталған дерекке 39 қызметкердің құқық бұзушылыққа барғаны расталды. Оның екеуі Ұлытау облысынан.
Ольга Смирнова, облыстық медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментнің басшысы:
Бізді алдамақ болды. Оны бірден анықтап, жалған құжаттарды жойдық. Енді олар әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл арқалайды. Мұндай әрекеттер тек әкімшілік емес, сонымен бірге қылмыстық жауапкершілікке де әкелуі мүмкін.
Жандос Бақытұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21
Маңғыстау теміржол вокзалы пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:15
The New York Times: АҚШ пен Израиль Иранға соққы беруге дайындалып жатыр
23.10.2026, 20:12