«Qazaqstan3d» және «Жеті қазына» қосымшалары іске қосылды
Енді елдегі көрнекті жерлер мен ұлттық құндылықтарды дәл осы мультимедиялық жүйеден тамашалауға болады. Мәселен, «Qazaqstan3d» қосымшасы – еліміздің шұрайлы жерлері туралы толық мағлұматты қамтыған. Әрі танымал туристік орындар 3D моделінде таныстырылады. Үш тілде мәлімет беретін бұл қосымша қазақстандықтармен қоса, шетелдік азаматтардың қауіпсіз саяхат жасап, барар бағытын анықтауына, қолайлы тұрақжай таңдауына көмектеседі. Ал, «Жеті қазына» қосымшасы қазақ халқының ертеден сақталған рухани құндылықтары мен мәдени мұрасын дәріптемек. Бұл қосымшаларды кез келген адам Андройд және IOS платформасынан жүктеуіне болады.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Білім сапасы жақсарса, ұлттық бәсеке қабілеті арта түседі»
09.09.2026, 00:42
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09