Израиль армиясы Батыс жағалауда 20-дай ғимаратты жарды
Израиль армиясы Батыс жағалаудағы Дженин босқындар лагерінде 20 ғимаратты жарып құлатты.
Мұны палестиналық ақпарат агенттігі хабарлап отыр. Оның дерегінше, ЦАХАЛ үйлерді террористік топтар пайдаланды деген себеппен жермен-жексен еткен. Дүмпуден бір госпиталь зақымданды. Алайда құрбандар туралы мәлімет түскен жоқ. Дженин 1948 жылы Израиль мемлекеті құрылғаннан кейін басталған соғыс кезінде мыңдаған палестиналыққа пана болды. Қазір онда сол босқындардың ұрпақтары өмір сүріп жатыр. Бүгінде қалаға айналған лагерьде Израиль оккупациясына наразы қарулы топтар ондаған жылдар бойы әрекет етіп келеді. Оларды басу үшін Израиль қауіпсіздік күштері мұнда ұдайы рейдтер жүргізіп тұрады.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Каратэшілер 5 медаль ұтты
22.09.2026, 13:21
Алакөлге қосымша электр желісін тартып жатыр
22.09.2026, 13:12
Ресей қатерлі ісікке қарсы бірнеше вакцинаны сынауда
22.09.2026, 13:09
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 13:06
Неміс автоконцерні төрт зауытты жабуды жоспарлап отыр
22.09.2026, 13:03
Рөлін сол жаққа ауыстырып алған көлікпен жолаушы тасуға болмайды
22.09.2026, 13:00
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 12:34
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07