Павлодарда өткен ретро-айтысқа сегіз ақын қатысты
Павлодарда ретро-айтыс өтті. Шараға кешегі «Айтыстың алтын ғасыры» деп аталған кезеңде қазақ айтысының мақтанышына айналған Серік Құсанбаев, Айтақын Бұлғақов, Құдайберлі Мырзабек, Серік Қалиев, Жұмкен Сейітов, Бейсенбі Мұқажан, Алтынгүл Қасымбекова, Серік Ыдырысовтар қатысты. 4 жұптан құрылған 8 ақынның өнеріне жұрт риза болды.
Аманжол Әлтаев, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы басқарма төрағасының орынбасары:
Ақындар өздері ұсыныс жасап, халық бізді сағынды, біз халықты сағындық, бір мауқымызды басып, бізде айтысайық деген өтініштерін айтып жүрді. Ендеше сол ретро-айтыстың қайтадан бір бастамасын Иса Байзақовтың елінде, қасиетті бабалардың жерінде Павлодар облысында бастайық деп ұсыныс айтқан болатынмын.
Қазақ айтысының мақтанышына айналған, өнерсүйер қауым сағынған ақындар сайысы енді әр өңірде ұйымдастырылады. Ал айтысқа қатысқан әр ақынға 500 мың теңгеден сыйлық табысталды.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16