Қайтарылған актив: Ақтауда жедел медициналық жәрдем станциясы салынады
Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен Ақтауда жаңа жедел-жәрдем стансасы салынады. Облыстық нысан жылына 100 мың шақыртуды қабылдауға қауқарлы болмақ. Бұл жоба үшін Үкімет мемлекеттік қордан 4,6 млрд теңге бөлді. Облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем стансасы құрылысына 2,6 гектар жер учаскесі бөлінді. Ішінде оқу-симуляциялық орталығы, сондай-ақ, 20 санитарлық автокөлікке арналған жөндеу және жуу базасы болады. Бүгінде Ақтауда 200 мыңға жуық адам тұрады. Аймақ бала туу көрсеткіші бойынша көш бастап тұр. Соңғы 7 жыл ішінде қалада 10 жаңа шағын аудан салынды. Сондықтан соңғы үлгідегі жедел жәрдем стансасы халыққа аса қажет.
Бибізада Дүйсенбаева, Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
Осы жедел-жәрдем стансасының ашылуының арқасында біздің күрделі 3 мәселеміз шешіледі. Тұрғындарға көмек-көрсету уақытын азайтады. Бұрын соңды болмаған жедел-жәрдем стансасы орталығы болады. Үшіншіден 75 пайыз тозып кеткен техника мен автокөліктердің жаңартылуын осы жаңа объектінің құрылысымен байланыстырып отырмыз.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13