Елімізде инклюзив саясат тұжырымдамасы 13 бағытты қамтиды
Елімізде инклюзив саясаттың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды. Құжат 1 жыл бойы дайындалып, бірнеше кезеңнен өтті.
Мүгедектігі бар жандар мен мемлекеттік емес ұйым өкілдерімен бірнеше рет кездесулер ұйымдастырылған. Нәтижесінде 1300-ден аса ұсыныс түсіпті. Тұжырымдама 13 бағытты қамтиды. Айта кетейік, елімізде 732 мың ерекше жан бар. Бұл жалпы халықтың 3,6%-ы.
Асқарбек Ертаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:
Мүгедектіктің медициналық-әлеуметтік моделінен әлеуметтік-құқық қорғау моделіне көшу бойынша жағдай жасау – тұжырымдамалық жаңалық. Инклюзив саясатты іске асыруда жаңа тәсілдерді іске асыруға, мүгедектігі бар адамдар үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге және қоғамға толыққанды әлеуметтік-интеграциялану үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталған пәрменді шаралар кешенін қабылдауды көздейді.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22