«Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында 18 жасқа толмаған әр балаға бүгіннен бастап 129 доллардан аударыла бастады. Жыл сайын аударым мөлшері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтеріне және оның ұзақмерзімді инвестициялық табысына байланысты есептеледі. Сонымен қатар балалардың шотына аударылған қаражат Ұлттық қордың инвестициялық портфелінде сақталып, қосымша табыс әкеледі.
Осылайша 2 жыл ішінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы әр шотта 232 АҚШ доллары бар. Қаражаттың аударылғанын еGov mobile мобильді қосымшасынан немесе kids.enpf.kz сайтынан көре аласыз. Есте болса, алғашқы төлем 2024 жылы 100 доллардан түсті. Ол кезде 6 млн 919 мың 131 қатысушы тіркелген еді. Биыл тізім де толықты, аударылған қаражатың көлемі де артты. Яғни 129 доллардан 6 млн 921 мың 35 бала қамтылған.
Жиналған қаражат – 232 АҚШ доллары
еGov mobile / kids.enpf.kz
2024 ЖЫЛЫ 100$
6 919 131 ҚАТЫСУШЫ
2025 ЖЫЛЫ 129$
6 921 035 ҚАТЫСУШЫ
Ақниет Балтанова
