Еуропалық одақ Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропалық одақ Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі

30.01.2025

Еуропалық одақ та, Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті. Бұл туралы Қазақстанға арнайы сапармен келген Еуропалық одақтың санкциялар бойынша халықаралық елшісі Дэвид О'Салливан айтты. Елші Еуропалық одақтың Қазақстанмен арадағы қарым-қатынасына оң баға беретінін, сондай-ақ, одақ Қазақстанның негізгі және басты сауда әрі инвестициялық серіктесі екенін жеткізді. Айта кетейік, 2023 жылы Еуропалық одақ пен Қазақстан арасындағы сауда айналымы 42 млрд еуроны құраған.

Дэвид О’Салливан, Еуропалық одақтың санкциялар бойынша халықаралық арнайы елшісі:

Бұл менің Қазақстанға 4-сапарым. Біз санкцияларға қосылмаған басқа елдердің, соның ішінде Қазақстанның ұстанымына құрметпен қараймыз. Бұл әр мемлекеттің өз шешімі болғандықтан, мәжбүрлей алмаймыз. Қазақстан Еуроодаққа мүше елдермен сауда-саттық қарым-қатынастарды орнатуға және инвестициялар тартуға ниетті. Орайлы сәтті пайдалана отырып, біз Қазақстанмен қарым-қатынасымызды одан әрі ілгерілетуге мүдделі екенімізді айтқым келеді.

Ақмаржан Ғафизқызы


Хабарламаларға жазылу