Елімізде Түрікменстаннан келген 4000-нан аса студент бар
Қазақ пен түрікменнің қай салада да сабақтастығы басым. Әсіресе екі ел арасында достық пен ынтымақ берік, ал мәдени байланыс бекем.
Алматыда түрікмен мәдени орталығының 30 жылдығына жиналғандар осылай дейді. Қазір елімізде Түрікменстаннан келген 4000-нан аса студент бар. Олар елдегі беделді жоғары оқу орындарында тегін оқиды. Бұл да қос елдің қарым-қатынасы мен достығын нығайтады дейді түрікмен халқының өкілдері. Жиын Ассамблеяның 30 жылдығы аясында өтті. Шарада бауырлас жұрттың ұлттық қолөнер бұйымдарынан жасалған көрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ, түркітілдес елдерге ортақ «Түркі әлемі» газетінің 25 жылдығы да аталып өтті.
Нұрмұхан Боранбаев, Түрікмен мәдени орталығы басшысының орынбасары:
Біздің мақсатымыз – Қазақстан елінің саяси аясын қолдау. Біздің ұрпақтарымыздың бәрі бірге өніп-өскен ел. Қазір Ақтау қаласынан Түрікменбашы қаласына дейін жол салынып бітті. Ертең теміржол салынып жатыр. Одан әрі әуежай ашылады. Бұл екі халық арасындағы достықты нығайту.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17