Трамп 30 мың мигрантты Гуантанамоға жіберетінін мәлімдеді
АҚШ президенті Дональд Трамп 30 мың мигрантты Кубадағы атышулы Гуантанамо түрмесінде ұстау жоспарын жариялады. Әзірлік шарасы Пентагон мен Ішкі қауіпсіздік министрлігіне тапсырылған. Құрама Штаттардың Гуантанамодағы әскери базасында 2002 жылы 11 қыркүйек терактісіне байланысты ұсталған шетелдіктерді тергейтін орталық ашылған. Ол жерде қазір 15 күдікті ғана қалды. Бұл абақтыға тұтқындар белгісіз уақытқа қамалып, азапталғаны үшін Ақ үй талай рет адам құқығын қорғайтын ұйымдардың сынына ұшырады. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, Гуантанамода мигранттарға арналған мекеме бұрыннан бар. Бірақ ол әйгілі түрмеден бөлек орналасқан екен.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12