Қарағандыда қайтыс болған 13 жастағы баланың әкесі дәрігерлерді айыптап отыр
Қарағанды қаласында қызуы көтерілген 13 жастағы бала қаза тапты. Марқұмның жақындары бала өліміне жедел-жәрдем қызметкерлерін кінәлап отыр. Себебі ауырған балаға бірнеше рет келген дәрігерлер тиісті шара қолданбай, тіпті ауруханаға әкетуден бас тартқан.
Қол-аяғы көгеріп, тынысы тарылғанда ғана келген үшінші бригада шұғыл түрде баланы жансақтау бөліміне жеткізген. Бірақ науқастың өміріне араша түсе алмапты.
Әлия Болымбаева, марқұмның әпкесі:
Басында қызуы көтеріліп тұрған, кейін аяқ-қолдары жансыздана бастады. Келген дәрігерлер қиналып тұрған бауырыма сенбеді. Сабаққа бармау үшін әдейі істеп жатыр деп тастап кетті.
Марқұмның жақындары бірден полицияға арызданған. Ал денсаулық сақтау басқармасы дәрігерлер тарапынан кемшіліктер болғанын жасырмады. Қазір медициналық қызмет сапасын бақылау Департаменті болған оқиғаға қатысты тексерісті бастады
Дүйсен Болымбаев, марқұмның әкесі:
Біз дәрігерлерден тек көмек күтеміз. Ал олар болса 3 рет келіп, бір баланы аман сақтай алмады. Солардың кесірінен баламыздан айырылып отырмыз.
Жандос Бақытұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жетісу облысында қырықтан аса экожоба ұйымдастырылған
09.06.2026, 13:24
660 сарбазға білім гранты табысталды
09.06.2026, 13:21
Астанада ІІІ халықаралық архившілер конгресі өтуде
09.06.2026, 13:18
Жапондар пайдаланылған өсімдік майын авиаотынға айналдырмақшы
09.06.2026, 13:15
Пхеньянда Си Цзиньпин мен Ким Чен Ын саммит өткізді
09.06.2026, 13:12
4 айда негізгі капиталға салынған инвестиция – ₸4,9 трлн
09.06.2026, 13:09
Заң үстемдігі – қоғам тұтастығының басты кепілі
09.06.2026, 13:06
Telegram-да алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
09.06.2026, 13:03