Лувр музейіне күрделі жөндеу жүргізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лувр музейіне күрделі жөндеу жүргізіледі

29.01.2025

Париждегі Лувр музейіне реставрация жасалып, кеңейтіледі. Франция Президенті мұражайға арнайы барып, Луврды қалпына келтіру жобасын көпшілікке таныстырды. Естеріңізге салсақ, Музейдің директоры Мәдениет министрінен «тозығы жеткен Луврға күрделі жөндеу қажет»,- деп көмек сұраған. Құрылыс жұмыстары биыл жыл соңында басталып, 2031 жылы аяқталуы тиіс. Жоспарға сәйкес, музейдің кіре беріс ғимараты кеңейтіледі. Леонардо да Винчидің «Мона Лиза» картинасы жеке бөлмеге көшіріліп, оған кіру есігі бөлек болады. Құрылысқа 400 миллион еуродай қажет.

«Оның 10 млн-ы мемлекеттен бөлінеді», деді Президент Макрон. Қалғанын демеушілердің көмегімен музей өзі табуы тиіс. Сол үшін келесі жылдан бастап ЕуроОдақтан тыс елдердің азаматтары үшін Луврға кіру билеті қымбаттайды.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу