Трамп әкімшілігі мыңдаған азаматтық қызметшіні қысқартпақ
АҚШ-та мыңдаған азаматтық федералды қызметші қысқартылуы мүмкін. Трамп әкімшілігі олардың әрқайсысына электронды хат жіберіп, арнайы ұсыныс жасаған. Ол «Кейінге қалдырылған отставкаға кету бағдарламасы» арқылы жүзеге асырылмақ. Бұған келіскен федералды қызметшілер жұмыс істемесе де, 30 қыркүйекке дейін жалақысы сақталады. Алайда бұл төлем 25 мың доллардан аспауы тиіс. Үкімет шешім қабылдауға 6 ақпанға дейін уақыт берді. Құрама Штаттарда пошта қызметін есептемегенде шамамен 2,3 млн азаматтық қызметші бар.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12